Ясмина Тоқсанбаева мәселесі сотта қаралады
Ясмина Тоқсанбаева мәселесі халықаралық сотта қаралады. Бұл жөнінде спортқа жауапты министр орталық коммуникалар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, қазір қазақстандық тараптан арнайы өтінім берілді. Соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін бұл іске қатысы бар лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі міндетті түрде қаралатынын да жеткізді. Сонымен қатар ведомство спортшыны назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті. Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы Азия ойындарында спорттық жүрістен мәреге бірінші жетті. Алайда жарыстан кейінгі тексерісте оның киген аяқ киімінің моделі рұқсат берген тізімде жоқ екені анықталды. Халықаралық федерация мұны растаған соң спортшының нәтижесі жойылды.