Нұржан Батырбеков Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстандық джитсер Нұржан Батырбеков Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті.
Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді.
Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл оның екінші медалі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз