Дзюдошы Әділет Алмат Азиадада күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды 24KZ.
22 жастағы спортшы финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сотаро Фудзиварамен белдесті. Тартысты жекпе-жекте жапониялық дзюдошы басым түсіп, Әділет Алмат күміс медаль иеленді.
Бұл – қазақстандық спортшының алғашқы Азиадасы. Ол жарыс жолын 1/8 финалда қырғызстандық Тегин Алмазжан уулын жеңуден бастады. Ширек финалда моңғолиялық Шинбайар Ойинчимегтен басым түссе, жартылай финалда тәжікстандық Абубәкір Шеровты ұтты.