Джиу-джитсудан ел қоржынына 2 медаль түсті
Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық кезеңінде Біріккен Араб Әмірлігі өкілі Ахмед Андизбен жолығып, 2:0 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді. Сондай-ақ әйелдер арасында Жібек Құлымбетова 48 келіде қолаға қол созды. Үшінші орын үшін болған белдесуде оңтүстік кореялық спортшыдан басым түсті.