Азия ойындары: Ажар Асхат дзюдодан күміс жүлдеге ие болды

Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Асхат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде жапониялық Рин Маедамен кездесті.

Белдесуде Жапония өкілі басымдық танытып, жеңімпаз атанды.

Ал Ажар Асхат жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Елдос Сметов (60 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) күміс алған еді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: