Азия ойындары: Теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола жүлдеге ие болды

Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жұптық сында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».

Жартылай финалда қазақстандық жұп Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар екі сетте де басым түсіп, 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында да Азия ойындарының қола медалін иеленген болатын.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: