Вадим Шарлаимов семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасының өкілі Вадим Шарлаимов Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды 24KZ Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз шпагадан ерлер арасында өткен жекелей сында үздік үштіктен көрінді. Вадим Шарлаимов жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Венгрия өкілі Гергей Шиклошимен кездесті. Бұл айқаста венгриялық семсерлесуші 15:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шарлаимов жекелей сындағы жарысты үшінші орынмен аяқтады.