Азиада-2026: ұлттық құрама жалпы есепте сегізінші орында

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль олжалап, 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. 12 алтын, 24 күміс және 48 қола еншіледік.

Осыдан 3 жыл бұрын Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан үздік ондыққа іліге алмап еді. Салыстырмалы түрде биылғы нәтижеміз алдыңғысынан әлдеқайда жоғары. Биылғы ойындардың басты жетістіктерінің бірі ретінде боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын айтуға болады. Бокстан ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай мен Төрехан Сабырхан чемпион атанды. Велошабандоз Алексей Луценко да тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Ол Азиададағы жеңіс саны бойынша Қазақстанның ең атақты спортшысына айналды. Дзюдодан Қазақстан құрамасы алғаш рет жекелей сында төрт финалға шықты. Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген аралас жекпе-жекте де Қазақстан бірден үздіктер қатарынан көрінді. 

Сондай-ақ оқыңыз: