Азиада-2026: жүлде алған спортшылар елге оралды
XX жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшылар елге оралды. Түс ауа Алматы халықаралық әуежайында жанкүйерлер таеквондошылар, балуандар мен су добы шеберлерін салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды 24KZ.
Олардың қатарында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль алған таеквондошы Тамирлан Тілеулес те бар. Бұған дейін қазақстандық жекпе-жек шеберлері Азия ойындарында чемпион болған емес. Сондықтан Тамирлан Тілеулестің бұл жеңісі ел спортында тарихтың жаңа парағын ашты. Су добының сайыпқырандары финалда жарыс қожайындары Жапониядан ұтылып, күміспен оралды.
Тамирлан Тілеулес, Азия ойындарының чемпионы:
– Біздің таеквондошылар әлемдік аренада ұта алатынын көрсетіп, дәлелдедік. Енді осымен тоқтамаймыз, алда әлем чемпионаты бар, олимпиадалық ойындар бар, оларды да ұтуға тырысамыз.
Тастанбек Атақұлов, Тамирлан Тілеулестің атасы:
– Тамирлан бала болып, 21 жасқа келсе де киноға барып, болмаса басқа бір жаққа барып қыдырып көрген емес. Оның көргені сол оқу-жаттығу жиыны дейміз, сол көргені жарыс, содан көз ашпаған бұл бала. Осындай жеңістерге біздің қазақтың көп балалары жетеді деп ойлаймын. Тамирланның бұл жеңісі қазақтың көп жастарына жігер береді, күш береді.