Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «24KZ»

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға дейін жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы жерлесіміз қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз: