Юсуф Ашрапов – U23 Әлем чемпионы!

фото: olympic.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі (U23) балуандар арасындағы Әлем чемпионатында отандасымыз Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».

Грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз алғашқы белдесуде Ырыскелді Хамзаевты 9:0, ал 1/8 финалда молдовалық Василе Забиканы 9:0 есебімен жеңді. Содан кейін ширек финалда әзербайжандық Фарид Халиловтан 7:1 есебімен басым түсті. 

Жартылай финалда Юсуф түркиялық Ибрахим Өздемирмен белдесіп, жеңісті бағындырды.  

Шешуші финалдық кездесуде Армения өкілі Гаспар Тертерянді 4:3 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Осылайша Юсуф Ашрапов Әлем чемпионы атанды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: