Қарағандыда Серік Сәпиев жүлдесі үшін 200-ден астам жас боксшы бақ сынайды
Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған XIV халықаралық бокс турнирі өтеді, деп хабарлайды «24KZ».
Жарысқа 2011-2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады. Байрақты бәсекеге Қазақстан мен шетелдерден келген 200-ден астам жас боксшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Турнирге еліміздің барлық өңірінен және Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан және Ресей құрамаларының қатысуы күтілуде.
Жарыс 19-24 қазан аралығында Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, 11/3.
Турнирдің алғашқы күні, 19 қазанда, алдын ала жекпе-жектер өтеді. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі сағат 15.00-де басталады. Одан кейін бокс кездесулері жалғасады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз