Қазақстан Францияны жеңіп, семсерлесуден әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында Франция құрамасын жеңді, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шпагамен семсерлесуден сынға түскен отандастарымыз қарсыластарын 45:40 есебімен ұтып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

Енді ұлттық құрама жарыстың алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: