Пара жүзуші Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
Сәйкесінше, алтын медаль да еншісінде. Ол бесінші Азия Пара ойындарында ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысында бақ сынады, деп хабарлайды «24KZ».
Финалда 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші жетті. Осылайша, Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Сондай-ақ Диас Кенжебек 200 метрге кешенді жүзуден және еркін стильде жүзуден де күміс иеленді.