Қазақстандық гимнаст жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ева Тациева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.
Отандасымыз жекелей көпсайыста 47,866 ұпай жинап, жалпы есепте 21-орынға тұрақтады.
Жарыс ережесіне сәйкес, бір елден финалға екі спортшыдан артық қатыса алмайды. Нәтижесінде Ева Тациева үздік 18 гимнастың қатарына кіріп, финалға жолдама алды.
Іріктеу кезеңінде Қытай өкілі Се Гуйин 53,099 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды оның отандасы Чжун Ци (52,932 ұпай) иеленсе, үздік үштікті ресейлік Полина Дмитриева (52,733 ұпай) түйіндеді.
Айта кетейік, финал 10 қарашада өтеді.