Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты
Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.
Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.