Дакардағы Олимпиадада үш боксшымыз жартылай финалға шықты

Үш боксшымыз жартылай финалда.

Сенегал астанасы Дакар қаласында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жалғасып жатыр. Әсіресе бокс бойынша ел намысын қорғауға үш спортшымыз аттанған болатын. Үшеуі де іріктеудегі жекпе-жектерін сәтті өткізіп, алтын медальға бір табан жақындады. Атап айтқанда, ұлдар арасында 70 келідегі Бибарыс Әшірбай ширек финалда Бангладеш боксшысы Ноён Трипура Джаниді 5:0 есебімен жеңді. Ал қыздар арасында 54 келідегі Марал Төлепберген мысырлық Хаджер Эльшербини Вахбамен жолығып, 5:0 есебімен басым түсті. 57 келідегі Ақнұр Тұрсынғали да сенегалдық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Енді алда жартылай финалдық және финалдық айқастар өтеді. Дакар қаласындағы Олимпиада 13 қарашаға дейін жалғасады. 

Қазақстан Беларусь құрамасынан жеңілді 

Қазақстан Беларусьтен жеңілді. Футзалдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Қазақстан және Беларусь құрамалары бұл жолы сырт алаңда кездесті және матч 5:1 есебімен аяқталды. Матч алаң иелерінің белсенділігімен басталды және ойын соңыңа дейін қарқынды түсірмеді. Біздің командадан Ринат Төреғазин ғана соңғы минутта мергендігімен көзге түсіп үлгерді. Айта кетейік, Астанада өткен алғашқы матчта 5:4 есебімен Қазақстан құрамасы жеңген болатын. Осылайша қос ойын қорытындысы бойынша қазір біздің топта Беларуь бірінші, Қазақстан екінші, Албания үшінші орында тұр. Келесі кездесу тура бір айдан кейін өтеді. 9 желтоқсан күні өз алаңымызда Албанияны қабылдаймыз. Осы Қазақстан, Беларусь және Албания командаларының үздігіне ғана әлем чемпионатының жолдамасы беріледі.

Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы. Дакар қаласынан қуанышты хабар жетті. Сенгегал астанасында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойыднары өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні велоспорттағы медальдар сарапқа салынды және қыздар арасындағы бәсекеде қазақстандық Әнел Тәшбай ең үздік нәтиже тіркеді. Ол 8,5 шақырымды 11 минут 32.57 секундта жүріп өтті. Күміс словакиялық, қола ресейлік спортшыларға бұйырды. Айта кетейік, бұл ұлттық құрама қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль иеленген еді.

Сондай-ақ оқыңыз: