Жас баскетболшыларымыз халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды
Жас баскетболшыларымыз жарап тұр. Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үздік үштіктен көрініпті. Баскетболшылардың жүлде алды дегенін естімегелі біраз жылдар болыпты. Сондықтан болар жас өрендердің жетістігі елді елең еткізгені рас, деп хабарлайды 24KZ.
Бес елдің құрамасы бас қосқан турнирде біздің 10-11 жастағы өрендеріміз өздерінен екі үш жас үлкен жігіттермен кәдімгідей йық қағыстырған. Жеңіске деген жігер мінез табандылықтың арқасында жерлестеріміз қола жүлдеге қол жеткізіпті.
Роналдусыз қалған Португалия құрамасы жеңіс жолында
Португалия футболшылары кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. Алайда бұл жолы Роналду жоқ. Ардагер футболшы өткен аптада ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған болатын. Әрине тауықсыз да таң ата береді. Португалия соңғы екі ойында Криштің көмегінсіз-ақ жеңіске жеткен. Осы жолы да Жорже Жезуш шәкірттері үш ұпай алатын шығар, бірақ Роналдудың көптеген жанкүйерлері ұлттық құрамадан теріс айналды. Әсіресе олардың бас бапкерге деген өкпесі қара қазандай. Енді Португалия сүрінсе болды, ең алдымен Жорже Жезушты фанаттар жерден алып, жерге салғалы тұр. Ұлттар лигасының аясында Португалия 14 қараша күні Данияны қабылдаса, 17 қарашада Кардифте Уэльс құрамасымен шеберлік байқасады. Дегенмен бұл ойындардың аса маңызы жоқ. Өйткені Португаляи өткен турда-ақ финалдық кезең мәселесін шешіп қойған. Басқа-басқа, Гансалу Рамуш бастаған біраз жігіттердің көңіл күйі жақсы. Өйткені олар бұрынғыдай Роналдудың көлеңкесінде қалып қоймайды. Десе де 25 жыл бойы Португалия құрамасының ыстығына күйіп, суығына тоңып келген жұлдызды ойыншыны дұрыстап шығарып сала алмаған ел футболының басшылары мен бапкерлері біраз сынға ұшыраған болатын.
Любовь Юн жасөспірімдер олимпиадасында жеңіске жетті
Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасының кезекті жарыс күні қазақстандық таеквондошы Любовь Юн 63 келі салмақта алғашқы кездесуін Норвегия өкілімен өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Енді жерлесіміз бразилиялық қарсыласпен кездеседі.
Елена Рыбакина қорытынды турнирде көшбасшылық орнын сақтап қалды
Дәл осы күндері АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Индиас уэльсте теннисші қыздардың қорытынды турнирі жалғасып жатыр. Бұл жарысқа жарақатына байланысты әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатысқан жоқ. Дегенмен Белорусиялық Арина Соболенко жеңіске жетіп жатқан күннің өзінде Рыбакинаның алдына түсе алмайды. Сондықтанда Елена алаңсыз жүр. Жалпы жарыс барысына келсе екі топқа бөлінген 8 теннисші әзірше топтық турнирде сынға түсуде. Әзірше Чехиялық Линда Носкованың қарқыны күшті. Алдымен Украиналық Марта Костюкті жеңген Носкова кеше корт иесі Коко Гауфтың осал ұсын тапты. Есеп 6:3, 6:3. Ал тағы бір Амеркиалық теннисші Джессика Пегула жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Бірінші кездесуде өз отандасы Гауфтан ұтылған Пегула кеше Марта Костюктан айласын асырды. Есеп 6:2, 7:5.