Таеквондо федерациясына құрмет көрсетілді
Халықаралық аренада таеквондошылар тамаша нәтиже көрсетіп жүр дегенді жиі айтамыз. Өйткені федерацияда ауызбіршілік бар. Сонымен қатар олар осы бір спорт түрін дамыту бағытында қыруар жұмыс атқарды, деп хабарлайды 24KZ.
Ел спортының тізгінін ұстаған Ербол Мырзабосынов ерен еңбекті әр кез бағалай біледі. Бүгін Спорт министрі таеквондо федерациясының басшыларымен қызметкерлерін қабылдап, атқарылған шаруалар үшін алғысын білдіріп, құрметін көрсетті. Таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шамиев, вице-президенттер Алмас Әшірбеков пен Айзат Қарашаев, Сұлтан Қасымов пен Надежда Хамитова, сондай-ақ бас хатшы Арал Садықовтар «спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ұлттық құраманың дәрігерлері мен өзге де қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ.
Қазақ боксшылары жасөспірімдер Олимпиадасында екі күміс медаль жеңіп алды
Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақ боксшылары Бибарыс Әшірбай мен Ақнұр Тұрсынғали күміс жүлдегер атанды.
Сэр Алекс Фергюссон кеткелі «Манчестер Юнайтедтен» бақ тайды. Тіпті бапкер де құтаймай жүр. Шотландиялық маман 27 жыл жаттықтырған МЮ ді соңғы бес жылда кім баптамады дейсіз?! Аттай қалап алдырған бапкерлердің өзі алысқа бара алмады. Өткен маусымда Манчестер үштікке кіріп, жұрт Майклдың мақтауын асырған болатын. Фергюсонның жолын осы Каррик жалғастырады-ау деп күткендер көп еді. Бірақ олда ұзақ отыра алған жоқ. Бүгін ағылшын клубының қожайындары Майкл Каррикке сау бол айтты. Өйткені МЮ-дің АПЛ-дағы хәлі мүшкіл. Соңғы 40 жылда болмаған жағдай орын алып Манкуняндықтар 18-ші сатыға бірақ сырғыды. Бұл өте қауіпті аймақ. Ертерек етек жинамаса чемпионшипқа түсіп қалуы мүмкін. Енді МЮды кім жаттықтырады деген сауал күн тәртібінде тұр. Беделді инсайдерлердің сөзіне сенсек, бүгін-ертең Олд Траффордқа Маурисио Почеттино келеді деген ақпараттар кезіп жүр. Рас, қазіргі таңда аргентиналық маманның қолы бос емес. АҚШ құрамасын баптайды. Алайда келісімшартында кетуге болатын мүмкіндігі бар екен. Ол үшін Манчестер Юнайтед АҚШ футбол федерациясына 10 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс. Ақша тауып, аргентиналық маманды алдыратын шығар. Алайда не өзгеруі мүмкін? Клуб фанаттарын осы сұрақ алаңдатады. Әрине Маурисиода мықты маман. АПЛ-ды жақсы біледі. Бір кездері Тотенхэмді төрге сүйреген бапкер. Қысқасы, бәріне уақыт төреші.
Адам баласының мүмкіндігі шексіз деп жатамыз. Сондықтан да тәуекелге бел буғандар кейде қаһармандықтың үлгісін көрсетіп жатады. Украиналық фридайвер Екатерина Садурская кеше Доминикан аралында адам сеңгісіз сенсация жасады. Яғни ешқандай тыныс алу және жүзу құралдарын пайдаланбай-ақ 90 метр тереңдікке сүңгіді. Осылайша, украина қызы бұған дейінгі 88 метрлік рекордты ауыздықтап, бірақ күнде теңіздің тереңіне бойлаған батыр атанып шыға келді.