Кристина Шумекова конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Отандасымыз «А» дивизионында 1000 метр қашықтықтағы жарыста жүлдеге ие болды.

Кристина Шумекова бұл қашықтықты 1 минут 15,64 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын алды.

Нидерланд өкілі Ангел Далеман (1:14.07) бірінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті Польша спортшысы Виктория Дабровска (1:15.85) түйіндеді.

Осылайша, Кристина Шумекова Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Сондай-ақ оқыңыз: