«Барыс» хоккейшілері «Северстальды» жеңді
«Барыс» плей-офф аймағына оралды.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клуб бұл жолы өз алаңында Череповец қаласының «Северсталь» командасын қабылдады. Астанада өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Негізі «Северсталь» лигадағы көшбасшы клубтардың бірі саналады. Соған қарамастан Михаил Кравец баптайтын жігіттер сауатты ойын көрсетіп, жеңісті жұлып алды. «Барыс» сапынан Логан Дэй мен Джастин Бэйли мергендігімен көзге түсті. Осы жеңісінің арқасында астаналық команда Шығыс Конференциясының 8-сатысына көтеріліп, плей-офф аймағына қайта оралды. «Барыс» келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. Ертең, яғни 27 қараша күні Санкт-Петербург қаласында жергілікті «СКА»-мен жолығады.
Халықаралық жарыста топ жарды
Нариман Құрбанов халықаралық жарыста топ жарды. Қазақстандық гимнаст Мәскеуде өтіп жатқан байрақты бәсекеге қатысты. Ол ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, ең үздік нәтиже тіркеді. Сәйкесінше қоржынымызға алтын салды. Күміс пен қола ресейлік спортшыларға бұйырды. Атап айтқанда, Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші, Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, халықаралық турнирге 8 елден 100-ден аса гимнастика шебері қатысып жатыр.
ЧЛ: "Барселона" "Сабахты" жеңді
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» «Барселонаға» есе жіберді. Әзербайжан және Испания клубтары Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында Бакуде кездесті. Айта кету керек, аталған матчта каталондық команда жұлдыздары Ламин Ямаль, Родри және Кубарси ойнаған жоқ. Десе де, өте қызықты ойын өтті. «Барселона сапынан Энтони Гордон, Карим Адейеми және Габриэл Жезус мергендігімен көзге түсті. Энтони дубльдің авторы атанды. «Сабах» сапынан руандалық легионер Джой-Лэнс Миккельс гол соқты. Осы ойыннан кейін «Барселона» 12 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасты. «Сабах» болса 32-орында тұр.Чемпиондар Лигасы аясындағы мачтарды "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсететінін еске саламыз.