Транспорт және логистика. Республикалық жолдар жүйесіндегі тәжірибе алмасу

Жолдың сапалы болып, ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз ету жол құрылысшыларының басты міндеті. Осы орайда олардың жай-күйіне жауап беретін еліміздегі бас оператор «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ маңызы зор. Ол шетелдік технологияларды отандық нарыққа енгізу барысында барынша ат салысып келеді. Бұл мақсатта еліміздің мамандары Тайвань, Түркия, Австрия, Венгрия, Франция, Оңтүстік Корея, Испания, Қытай мен Ресей секілді әлемдік көшбасшылардың жоғары жылдамдықты магистральді басқару жөнінде тәжірибе алмасуда. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер жайлы осы шығарылымда.