Швейцарияда шаңғымен жарысудан «Тур де Ски» басталды

Швейцарияда шаңғымен жарысудан «Тур де Ски» басталды

Швейцарияның Валь-Мюстаир аймағында шаңғымен жарысудан әйгілі «Тур де Ски» көпкүндігі басталды.

Биыл турнир 1-10 қаңтар аралығында Швейцария мен Италияда өтеді деп жазады Olympic.kz. 

«Тур де Ски» додасы осымен 15-рет ұйымдастырылмақ. Биылғы бәсекені өткізу қиыға соққаны рас. Өйткені коронавирус індеті қазіргі әлем кубогі кезеңіне де үлкен қауіп төндірді.

Қауіпсіздікті сақтау үшін норвегиялық шаңғышылар келуден бас тартты, сондай-ақ екі дүркін Олимпиада чемпионы, финляндиялық Ийво Нискансен де турнирге қатыспайды. Ұйымдастырушылар ақпан айында Германияда өтетін әлем чемпионатына дейін спортшыларды бабында ұстау үшін қиындықтарға қарамастан жарысты өткізуді қолға алды.