Қазақстандық боксшы қыздар олимпиадаға дайындық үстінде

Қазақстандық боксшы қыздар олимпиадаға дайындық үстінде
GoodFon

Қазір ұлттық құраманың бір бөлігі Сербиядағы халықаралық турнирге қатысып жатыр.

Іріктеу сындарының нәтижесінде 9 спортшымыздың жетеуі жартылай финалға шықты. Олар – Римма Волосенко, Гүлсая Ержан, Ләззат Күнгейбаева, Дина Жоламан және Арайлым Марат. Бұған қоса ең соңғы жарыс күні Валентина Хальзова мен Владислава Кухта та қарсыластарын жеңді. Қалған қыздар Қазақстанда жаттығуды пысықтап жатыр.

Қаңтар айында Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін лицензиялық жарыстарға қатысамыз дегенді алға тартады бас бапкер Ерік Алғабек.

Айта кетейік, олимпиада алдындағы басты бәсеке – әлем чемпионаты маусым айында Париж қаласында болады.