419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АПЛ: «Челси» сәтсіз сериясын тоқтатты

  • 176
АПЛ: «Челси» сәтсіз сериясын тоқтатты Спорт РИА

Ағылшын чемпионатының 19-тур ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондық «Челси» командасы сырт алаңда «Фулхэмді» 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 78-минутта Мейсон Маунт соқты. Екінші таймда «Челси» бір ойыншыға артық ойнады. Алаң иелерінің шабуылшысы Энтони Робинсон 45-минутта қызыл қағаз алды.

Осылайша Фрэнк Лэмпард шәкірттері АПЛ-да үш ойынға созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды. «Көктер» 29 ұпай жинап, жетінші орынға көтерілді. Еншісінде 12 ұпайы ғана бар «Фулхэм» 18-орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы