Рамос мансабын ПСЖ-да жалғастырады

Рамос мансабын ПСЖ-да жалғастырады
XSPORT.ua

«Реалдың» капитаны Серхио Рамос мансабын ПСЖ-да жалғастырады, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған франциялық клубтың қомақты келісімшарт ұсынуы себеп.

Париждіктер 34 жастағы испан футболшысына жылына 15 миллион еуро жалақымен үш жылдық келісімшарт ұсынған. Ал «Реал» мұндай келісімшарт ұсынуға әзірге дайын емес.

Айта кетейік, «Реал» пен Серхио Рамос арасындағы келісімшарттың мерзімі осы маусымның соңында күшін жояды. Мадридтік клуб сапында 34 жастағы футболшы 2005 жылдан бері өнер көрсетеді.