Хоккейден Қазақстан кубогы басталды

Хоккейден Қазақстан кубогы басталды

Айта кету керек, биыл жарыстың форматы жаңартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, бас жүлдеге тек топтық кезең жеңімпаздары ғана емес, басқа командалар да таласа алады. Осы мақсатта іріктеу сындарының ауқымы кеңейтілді. Сонымен биылғы Кубокты еліміздің 12 командасы өзара сарапқа салады. Сәйкесінше, жарыстың алғашқы күні 6 кездесу өтті және оның үшеуі тең нәтижемен аяқталды. Жеңімпазды буллиттер сериясында анықтауға тура келді. Мысалы, осылай қарағандылық «Сарыарқа» «Алматы» командасын, петропавлдық «Құлагер» «Теміртау» командасын және рудныйлық «Горняк» «Бейбарыс» командасын жеңді. Бұған қоса, «Алтай» – «Ақтөбе» матчында 1:4, «Ертіс»-«Торпедо» матчында 3:4, ал, «Арлан» мен «Номад» арасындағы кездесуде 3:2 есептері тіркелді.