417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садриддин Ахмедов чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатынын айтты

  • 186
  • UPD: 14:40, 01.02.2021
Садриддин Ахмедов чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатынын айтты Vesti.kz

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 KO) қашан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы.

Еске салайық, отандасымыз соңғы кездесуін 30 қаңтар күні Мексиканың Куэрнавака қаласын өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша нидерландтық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 KO) жеңді. Бұл кездесу Ахмедов WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алды.

«Алдағы төрт немесе бесінші кездесуде толыққанды әлем чемпионы үшін жекпе-жек өткіземін. Мен бұған дайынмын. Уақыт келді», – деді қазақ боксшысы Journaldemontreal.com порталына берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы