Пәкістанда кәсіпқой боксшы нокауттан кейін көз жұмды

Пәкістанда кәсіпқой боксшы нокауттан кейін көз жұмды
Glas.ru

Пәкістанда жиналған ақша қайырымдылыққа жұмсалуы керек болған жекпе-жек қайғылы аяқталды.

Жергілікті боксшы Мухаммад Аслам Хан нокауттан кейін көз жұмды, деп жазады vesti.kz. 

Спортшы 27 жаста болатын. Ол Вали Хан Ториннен нокаутпен жеңіледі. Жекпе-жек кезінде ринг маңында дәрігерлер болмаған. Ханды жекеменшік клиникаға жеткізген, алайда спортшы ішкі зақымдардан көз жұмған. 

Боксшы карьерасын Пәкістанның сайлау комиссиясындағы жұмысымен бірге алып жүрген екен.