426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол. «Боруссия» – «Хоффенхайм»: 2:2

  • 163
  • UPD: 15:27, 14.02.2021
Футбол. «Боруссия» – «Хоффенхайм»: 2:2 фото: sportarena.com

Неміс Бундеслигасының белді командаларының біріне саналатын Дортумндтың «Боруссиясы» «Хоффенхаймды» ұта алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Матчтың 24 минутында Джейдон Санчо есеп ашқан еді. Алайда Себастьян Хёнес шәкірттері жеті минуттан кейін таразы басын теңестірді. Мунас Даббур мергендік танытты. Содан кейін көбіне «Хоффенхайм» шабуылдады. Тіпті «ауылдықтар» жеңіске жақын жүрді. Бірақ ойынның сексен екінші минутында Махмут Дәуіттен доп алған Эрлинг Холлан «Боруссияны» алға шығарды. Оливер Бауманн бұл жолы өз қақпасын құтқара алмады. Енді бір ұпай алудың өзі мұңға айналған. Дегенмен тағы да Манус Даббур белсеніп, Марвин Хитцты өз қақпасынан доп алып шығуға мәжбүрледі. Қортынды есеп – 2:2.

 

Хабар 24 телеарнасы