Керлингтен ересектер арасында Қазақстан кубогінің иегері анықталады

Керлингтен ересектер арасында Қазақстан кубогінің иегері анықталады

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнирге еліміздің бірнеше аймағынан 10 команда қатысады. Бұған дейін Алматы мен Алматы облысының құрамасы шаппай бәйге алса, қазір бәсекелестік қыза түскен. Жарыс бел ортасына жетті. Бірақ бас жүлденің кімге бұйыратынын дөп басып айту қиын. Бұл елімізде керлинг спортына деген қызығушылық артып келе жатқанын байқатады. Қазақстан кубогі келесі аптада аяқталады.

Виктор Ким, керлингтен Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Соңғы үш жылда спортшыларымыздың шеберлігі шыңдала түсті. Өйткені біздер әлем чемпионатына тұрақты түрде қатысып келеміз. Бұрын ұлттық құрамада Алматы мен Алматы облысының ғана ұл-қыздары болса, қазір 6 облыстың ойыншылары бар. Әлем чемпионатымен шектеліg қоймай, енді Олимпиадаға барсақ деп мақсат қойып отырмыз.

Ситора Алиярова, керлингтен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Біздер алдыңғы жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында 21 жасқа дейінгі 9-орынды алған болатынбыз. Яғни тек бізге бір орын жетпей қалды группадан шығуға. 8 команда ары қарай 1/8 ойындарын ойнады. Бірақ алдыңғы жылдарға қарағанда сол жолғы нәтижеміз өте жемісті болды. Алдыңғы қатардан көрінуге жүлделі орындар алуға тырысамыз. Менің мақсатым сол.