ҚХЛ: «Барыс» қытайлық команданы жеңді

ҚХЛ: «Барыс» қытайлық команданы жеңді

«Барыс» хоккейшілері ҚХЛ тұрақты біріншілігінің кезекті матчында қытайлық «Кунлун Ред Стар» командасын жеңді, деп хабарлады Prosports.kz.

Ойын 25 ақпанда Мытищи қаласында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Даррен Диц, Антон Сагадеев және Никита Михайлис қазақстандық команда сапынан шайбы соқты.

Тұрақты маусымның ақтық кездесуінде, 27 ақпанда «Барыс» Омбыда «Авангард» командасымен ойнайды.

«Кунлун Ред Стар» (Пекин, Қытай) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 0:3 (0:2, 0:0, 0:1)

Шайбы авторлары:

0:1 - 03:14 Диц (Панюков);

0:2 - 07:04 Сагадеев (Старченко, Виделл);

0:3 - 51:34 Михайлис (Виделл, Линтуниеми);

Қақпашылар: Смит – Карлссон