Қазақстандық боксшы қыздар «Странджа-2021» жарысында финалға шықты

Қазақстандық боксшы қыздар «Странджа-2021» жарысында финалға шықты

Софияда өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова чемпиондық атақ үшін жұдырықтасатын болады.

Жартылай финалда жеңіліс тапқан Карина Ибрагимова жарыстың қола жүлдегері атанды.