Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының екі кезеңі кейінге шегерілді

Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының екі кезеңі кейінге шегерілді

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) Қытайда және Оңтүстік Кореяда мамыр айында өтеді деп жоспарланған әлем кубогы кезеңдерін күз мезгіліне ауыстырды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Әлемдік ұйымның мұндай шешім қабылдауына Қытай мен Оңтүстік Кореядағы коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер себеп болған. Осылайша, боулдеринг пен жылдамдық бойынша өтетін Сеулдегі (Оңтүстік Корея) әлем кубогы кезеңі 1-3 қазанға, Уцзяндағы (Қытай) кубоктік кезең 22-24 қазанға, сондай-ақ Джакартадағы жарыс (Индонезия) 30-31 қазанға жоспарланды. 

Айта кетелік, спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасы Токио Олимпиадасына бір жолдама жеңіп алды. Қазақстандық Ришат Хайбуллин көпсайыстан сынға түседі.