Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионаты Нью-Делиде өтеді

Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионаты Нью-Делиде өтеді
Чечня Сегодня

Азия бокс Конфедерациясы 2021 жылғы құрлық біріншілігі 21-31 мамыр аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетінін мәлімдеді.

Соңғы Азия чемпионаты 2019 жылдың сәуірінде Таиландтың Бангкок қаласында өткен болатын. Аталған құрлық додасы қатысушы спортшылар мен қатысушы елдер санының көптігінен рекорд орнатты. Чемпионатқа жалпы есебі 304 спортшы қатысты. Оның ішінде 112 әйел, 192 ер адам бар. Ал жалпы есебі турнирде 34 елдің өкілдері бақ сынаған.

Айта кетелік, бокстан 2018 жылғы Азия чемпионаты да Нью-Делиде өткен.

Ақпарат көзі: olympic.kz