Боксшы О.Асылқұлов Германиядағы жарыста күмісті қанағат тұтты

Боксшы О.Асылқұлов Германиядағы жарыста күмісті қанағат тұтты

Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде Қазақстан қоржыны екінші күміспен толықты деп жазады Olympic.kz. 

57 келіде жұдырықтасқан Оразбек Асылқұлов финалдық жекпе-жекте франциялық боксшыға есе жіберді. Осылайша екінші боксшымыз ақтық сында жеңіліс тапты. 

Бұған дейін 52 келідегі Сәкен Бибосынов күміс медаль иегері атанған болатын.