Шетелдік жанкүйерлер Токио Олимпиадасына бара алмайды

Шетелдік жанкүйерлер Токио Олимпиадасына бара алмайды

Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары шетелдік жанкүйерсіз өтеді.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті хабарлады. Енді билет сатып алған азаматтарға ақшасы қайтарылады. Дүбірлі доданы спорт ареналарынан тамашалау мүмкіндігі тек жапон азаматтарына беріледі. Алайда нақты қанша жанкүйердің стадиондарға жіберілетіні белгісіз. 4 жылда бір келетін Олимпиада ойындары биыл 23 шілдеде басталады.