Жапонияда Олимпиада алауын алып жүру жалғасуда

Жапонияда Олимпиада алауын алып жүру жалғасуда

Эстафета Геро қаласынан елдің орталығындағы Гифу шаһарына өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауып тұрған жаңбырға қарамастан алау ұстаушыларды көп адам қарсы алған. Ұйымдастырушылар қошемет көрсетуші тұрғындардан бетперде киюді және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды талап етті.

Айта кетейік, Осака префектурасында коронавирустың өршуіне байланысты эстафета кейінге шегерілді. Олимпиада алауын алып жүру шарасы 25 наурызда Фукусима қаласынан басталған болатын. Бұл науқан 121 күнге созылады және оған 10 мыңдай адам қатысады деп күтілуде.