427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аты аңызға айналған футзалшы С.Жаманқұлов ел құрамасындағы соңғы ойынын өткізді

  • 145
  • UPD: 22:08, 11.04.2021
Аты аңызға айналған футзалшы С.Жаманқұлов ел құрамасындағы соңғы ойынын өткізді

Қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов ұлттық құрамадағы соңғы ойынына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің құраманың бас бапкері Рикардо Кака 37 жастағы ардагер ойыншыны 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Израиль құрамасына қарсы алаңға шығатын ойыншылардың тізіміне қосты. 

Серік Жаманқұлов алматылық «Қайраттың» қатарында еліміздің он дүркін чемпионы атанып, екі мәрте УЕФА Кубогін иеленді. 

Қазақстан құрамасының сапында 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Турнирде өткен бес ойында қарсыластарының қақпасына (Ресей, Хорватия 2 гол, Италия, Испания және Сербия) алты гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі атанды. 

Ойыншы ұлттық құраманың жейдесімен 58 рет алаңға шығып, 22 гол соққан.

Хабар 24 телеарнасы