Павлодарда спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат берілді

Павлодарда спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат берілді

Павлодарда карантиндік талаптарды сақтай отырып, спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат берілді.

Бүгін баскетболдан 5 және 6-сынып оқушылары арасында алғашқы республикалық турнир басталды. Ұлттық лигаға қатысу үшін спортшылар еліміздің әр өңірлерінен келген. Олардың бәріне ортақ санитарлық талаптар қойылып отыр. Жарысқа 100 спортшыдан артық қатысуға болмайды. Команда мүшелері алдын ала ПТР-тест тапсырды. Чемпионат алаңында медициналық бригада кезекшілік етуде. Әрбір матчтан кейін алаңға дезинфекция жүргізіледі.

Айта кетейік, турнир көрерменсіз өтіп жатыр.

Бахтияр Түсіпов, облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының басшысы:

– Әр ойыншыға термометрия өткізіледі. Әр команда өзінің маскалық, жеке кіре берісінен кіреді және өзінен шығады. Жарыс аяқталғанда 15 минут дезинфекциялық жұмыстар өткізіледі. Үш дәрігеріміз отыр. Олар әр баланың шағымдануына әрекет болған кезде дайын отырады және командалар әр уақыт сайын өзі келеді. 10-да екі команда, 11-де екі. Барлық команда өзара кезектеспейді. Жарыс алдында қатысушылар ПТР тестілеуден өткізілді. Барлығы теріс болып шықты.