429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды

  • 127
  • UPD: 23:34, 12.04.2021
Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды

Күрес түрлерінен Алматыда Олимпиадалық іріктеу жарысы аяқталғаннан кейін, Азия біріккен күрес әлемінің сайлау конгресі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында құрлық федерациясының төрт жылда атқарылған есебі тыңдалды. Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович Токио ойындарына тиесілі жолдаманың 75 проценті өз иесін тапқанын атап өтті. Әрі Қазақстанның әлем чемпионаты мен құрлықтық іріктеу жарысын жоғары деңгейде ұйымдастырғанына алғыс білдірді. Жиында Азия біріккен күрес әлемінің президенті мен атқару мүшелері сайланды. Жеті елдің мамандары бірауыздан Дәулет Тұрлыхановқа дауыс берді. Еліміздің даңқты балуаны төрт жылдан бері Азия біріккен күрес әлемін басқарып келді.

Дәулет Тұрлыханов, Азия біріккен күрес әлемінің президенті:

– Сайлау конгресі – төрт жылда бір болып тұратын сайлау. Екінші рет сайлауға түсіп жеңіске жетіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы