ЧЛ: «Бавария» жеңді, бірақ жолдама ПСЖ-ға бұйырды

ЧЛ: «Бавария» жеңді, бірақ жолдама ПСЖ-ға бұйырды
Спорт-Экспресс

Футболдан айтулы турнирдің жартылай финал жолдамасын Франция футбол командасы «Пари Сен-Жермен» жеңіп алды.

Маурисио Почеттино шәкірттері жасыл алаңда «Баварияға» қарсы ойнайды. Мюнхендіктер сапынан 40-минутта шабуылшы Эрик Шупо-Мотинг мергендік танытты. 

Франция аяқдопшыларына есе қайтару үшін оңтайлы сәт туған. Бірақ оны ұтымды пайдалана алмады. Десе де сырт алаңда жинаған ұпай саны бойынша «Пари Сен-жермен» келесі айналымға өтті.