Мария Агапова қашан жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Мария Агапова қашан жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді, деп жазды prosports.kz.

«Шамамен тамыз айында жекпе-жек өткіземін. Дайындықты бастап кеттік», – деді спортшы.

Айта кетейік, Мария Агапова UFC аясында екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Соңғы кездесуінде америкалық Шэн Добсонға есе жіберді.