Балқаш тұрғыны садақ ату спортын саяжайда дамытып отыр

Балқаш тұрғыны садақ ату спортын саяжайда дамытып отыр

Балқаш қаласында тұратын Жұмағазы Мұхамеджанов садақ спортын саяжайда дамытып отыр.

Үйірмеге қатысатын 11 баланы өзінің бақшасында жаттықтырып жүр. Себебі ғимарат жоқ. Биліктегілерден арнайы орын сұрап, сан мәрте барған. Алайда нәтижесіз. Бұл сенің хоббиің деп кері қайтарған. Ал оның шәкірттері соңғы 13 жыл бойы талай дүбірлі додаларда топ жарып жүр. Бірнеше спорт шеберін тәрбиелеп шығарған. Спорттың осы түрін жан-тәнімен жақсы көретін азамат өз қаржысына республикалық және халықаралық жарыстар да ұйымдастырған. Кенже қалған спорттың көкжиегін кеңейткісі келеді, бірақ қолдау болмай тұр.

Жұмағазы Мұхамеджанов, садақ атудан қр спорт шебері:

- Спорт комитеті саласынан маған жарысқа баруға төлейді. Ал дамытуға, арнайы үйірме ашуға ешқандай көмек жоқ. Мен негізі ұлттық спорт орталығы деп сұрағанмын. Құсбегілік, садақ спорты, атбегілік, ұсталықты да қазір алып жүрміз. Бос уақытта балаларға балға ұрғызып, кездік, пышақ жасатып, қамшы өргіземін.