UFC алты спортшыны қатарынан шығарды

UFC алты спортшыны қатарынан шығарды
prosports.kz

UFC басшылығы лигадан алты файтерді шығаруға шешім қабылдады. Люк Сандерс, Энтони Бирчак, Бартош Фабински, Аалон Круз, Джордан Гриффин және Кей Бхуллар келісімшарттардан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кэй Бхуллар өткен аптада кезекті жекпе-жегінде жеңілді. 2 мамырға қараған түні ол UFC Vegas 25 турнирінде бақ сынап, Андреас Михайлидистен жеңіліп қалды. Промоушеннің басшылары онымен қоштасуға бел буды.

Бартош Фабински 17 сәуірде Лас-Вегастағы турнирге қатысып, Джералд Мерхертке есе жіберді. Қатарынан төртінші жекпе-жекте ұтылған соң, UFC енді мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында UFC жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Тайрон Вудлимен қоштасты.