Надаль мен Осака Laureus нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Лауреус академиясы ұсынған «Жылдың үздік спортшысы» сыйлығын жеңіп алды. Әйелдер арасынан жеңіс Жапония өкілі Наоми Осакаға бұйырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2020 жылы Рафаэль 13-ші рет Франция ашық біріншілігінде жеңіске жетті. 20-шы рет «Үлкен дулыға» турнирінде топ жарып, бұл көрсеткіште әйгілі Роджер Федерермен теңесті. Қазіргі таңда әлемнің екінші ракеткасы. 

Осака былтыр АҚШ ашық біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді.