427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирді сәтті бастады

  • 129
  • UPD: 17:07, 26.05.2021
Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирді сәтті бастады ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Тимофей Скатов Оэйраш (Португалия) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Денис Евсеев алғашқы кездесуін хорватиялық Нино Сердарушичпен өткізді. Қазақстандық теннисші 1 сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Денис Евсеев 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ол келесі айналымда португалиялық Нуно Боргеспен кездеседі.

Тимофей Скатов алғашқы айналымда Нидерланды өкілі Игор Сийслингті 2:6, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Тартысты бәсеке 2 сағат 14 минутқа созылды. Тимофей Скатов 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз пайдасына жазды. Ол ширек финалға шығу үшін тағы бір португалиялық Гонсалу Оливейрамен шеберлік байқасады.

Хабар 24 телеарнасы