Джокович ең көп жеңіске жеткен теннисшілер тізімінде 5-орынға көтерілді

Белградтағы турнирдің екінші айналымында неміс Матс Мораингті 6:2, 7:6 (7:4) есебімен жеңген әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович мансабындағы 951-жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша ол Ашық дәуірдегі (Open Era) жеңістер саны бойынша аргентиналық Гильермо Виласпен теңесіп, бесінші орынға шықты.

Үздік бестікке мына спортшылар кіреді:

1. Джимми Коннорс – 1274 жеңіс.

2. Роджер Федерер – 1243.

3. Иван Лендл – 1068.

4. Рафаэль Надаль – 1022.

5. Новак Джокович және Гильермо Вилас – 951.

Айта кетейік, жарыстың келесі кезеңінде Джокович аргентиналық Федерико Кориамен кездеседі.