Шайбалы хоккейден әлем біріншілігі қалай өтіп жатыр

Шайбалы хоккейден әлем біріншілігі қалай өтіп жатыр

Латвияда шайбалы хоккейден әлем біріншілігі өтіп жатқаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан құрама командасы кеше Италияны ірі есеппен ұтып, топ бастап еді. Артынша өзге қарсыластары да кезекті матчтарын өткізіп, АҚШ Норвегияны 2:1 есебімен жеңіп, көш бастады. Финляндия Германиядан басым түсіп, плей-офф бәсекесіне жақындады.

Төрт жолдамадан сегіз құрама команда үмітті екенін ескерсек, әзірше Юрий Михайлис шәкірттерінің де жарысты жалғастыру мүмкіндігі жоғары. Өз тобындағы соңғы кездесуін Норвегиямен өткізетін Қазақстанға жеңіс әбден керек. Ойын ертеңге белгіленген.