Батыр Жүкембаев мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады

Батыр Жүкембаев мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп жазды Prosports.kz.

Жерлесіміз Карсонда (Калифорния, АҚШ) пуэрторикалық Сабриэль Матиаспен жұдырықтасты.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8 раундтан кейін аяқталды. Жүкембаевтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Сондай-ақ Батыр төртінші раундта бір мәрте нокдаунға түсіп қалды.

Осылайша, бұған дейін 18 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Жүкембаев мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.